09.11.2021
Әр дүйсенбі сайын біздің мектепте сынып сағаттары өтеді. 2021 жылдың 8 қарашасында 5 "А" сыныбында "адами құндылықтар"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында балалар ақпаратты тыңдады, сынып сағаты тақырыбына қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, жұппен жұмыс істеді. Өз жұмысының қорытындысын тақтада ұсынды. Оқушылар көптеген жаңа, пайдалы ақпараттар алды. Сынып сағатының соңында "Алақан"рефлексиясы өткізілді. Бұл сынып сағаты жаңа оқу тоқсанының бастамасы болды.
Сынып жетекшісі Бурумбаева О.Н.