"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Батырлар жыры- тәрбие көзі" байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

08.11.2021

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, "Ұлы даланың жеті қыры" мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат"атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2021 жылы 4 қараша күні Көкшетау қаласы "Болашақ" сарайында "Батырлар жыры- тәрбие көзі" байқауының облыстық кезеңі өтті.Бұл байқауға Атбасар ауданынан бірінші жүлделі орынға ие болған №6 ЖОББ мектебінің оқушысы Бурабаев Нұрдаулет (жетекшісі: Канафина Жансулу Серикбаевна) қатысты.

Байқау -қазақ халқының батырлық эпостарының бірі "Ер Едіге" жырын жатқа айту бойынша өтті .Байқауға жалпы он сегіз қатысушы қатысты.Сахнада жырды айтатын реті жеребе арқылы анықталды.Он сегіз қатысушы сахнада тұрып,қазылар алқасы жас жыршыны кез келген сәтте тоқтатқанда ,келесі қатысушы жырды әрі қарай жалғастырып отырды.Қазылар алқасы қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және әртістік шеберлігіне назар аударды, яғни батырлар жырын нақышына келтіріп,төгілтіп жырлауы ескерілді.Жырды айту барысынды қатысушы мүдірсе ,не ұмытып қалса байқаудан шығарылып отырды. Біздің ауданнан байқауға қатысқан Бурабаев Нұрдаулет жеті үздік қатысушының ішінде қалып, жырдың жалғасын ұмытып,байқаудан  шығарылды.                                                                                                                "Қазақ  эпос "республикалық ағарту жобасының "Ер Едіге" қаһармандық жырын жатқа айту бойынша"Тұлпар мініп,ту алған " республикалық байқауының аясында ұйымдастырылған "Батырлар жыры - тәрбие көзі " облыстық байқауының белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Канафина Жансулу Серикбаевна "Батырлар жыры -тәрбие көзі" облыстық байқауына шәкірт дайындап,өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін ,халқымыздың асыл мұрасы халық поэзиясына, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,елдік пен ерлік  рухын насихаттауға сүбелі үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст