Ана тілі – әр халықтың ең қымбат қазынасы, баға жетпес мұрасы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тарих пен мәдениеттің алтын арқауы. Қазақ халқы үшін ана тіліміз – қазақ тілі, халқымыздың рухы мен жүрегінің үні.
Мектебімізде «Тіл – халықтың мұрасы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында 5 кезеңнен тұратын танымдық шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің байлығын дәріптеу, сөз өнерінің көркемдігін насихаттау, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шара соңында оқушылар өздерінің сөз өнеріне деген қызығушылықтарын арттырып, қазақ тілінің асыл қазына екендігін терең сезінді.
Тіл – халықтың өткенін сақтап қана қоймай, болашағын да айқындайтын құдіретті күш. Сондықтан оны қадірлеу, қастерлеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакина Р.Т.