Бүгін мектебімізде Тілдер апталығы аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Тіл – достықтың кілті» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көптілді тұлға тәрбиелеу.
Іс-шараға 8-11 сыныптың ең белсенді оқушылары қатысып, өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Эсселерде тілдің қоғамдағы рөлі, тіл арқылы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың қалыптасуы, туған тілді қастерлеудің маңызы кеңінен қамтылды.
Байқау барысында оқушылардың ой-өрісі мен әдеби тілде сауатты жазу дағдыларына ерекше көңіл бөлінді. Қазылар алқасы жұмыстарды мазмұнына, тіл тазалығына және шығармашылық ерекшелігіне қарай бағалады.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға Тілдер апталығының жабылу салтанатында мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталмақ. Мұндай шаралар жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакина Р.Т.