🎓 9-сынып түлектеріне аттестат тапсыру – үлкен өмірге бастар алғашқы қадам! 🎉
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушыларына аттестат табыстау рәсімі өтті. Бұл – ерекше, толғанысты, әрі қуанышты күн. Артта — білім мен достыққа, ізденіс пен өсуге толы тоғыз жыл. Алда – маңызды таңдау, жаңа белестер, болашаққа бастар жол.
Әрбір түлек – біздің мақтанышымыз! Сендер білім алуға ұмтылған, алға мақсат қойған, тұлға ретінде қалыптасқан азаматсыңдар. Осы жылдар ішінде сендер өмірлік маңызды құндылықтарды меңгердіңдер, достық пен жауапкершілікті сезіндіңдер.
Сіздерге сәттілік, жарқын болашақ, биік армандар тілейміз! Мектепте алған білімдеріңіз өмір жолында сенімді серік болсын. Қай жолды таңдасаңыздар да, өз армандарыңызға жетіңіздер!
📚 Мектебіміздің 2025 жылғы 9-сынып түлегі атанғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!