23.04.2025ж оқу орнымызда ерекше форматта өткен тағылымды шара – «Мамандықтағы жолым» атты жас мамандармен арт-студия кездесуі өтті. Іс-шара жас педагогтардың кәсіби дамуын қолдап, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды. Арнайы дайындалған арт-кеңістікте жас ұстаздар «Педагогикалық коллаж» жасап, өздерінің ішкі жан дүниесі мен кәсіби жолына деген көзқарасын бейнеледі.Арт-студия атмосферасы әр қатысушыға еркін ойлап, шабытпен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Коллаждарда: ұстаз болуға деген алғашқы арман, өмірлік ұстанымдар, шәкірттермен байланыс, болашаққа деген сенім бейнеленді. Әр жас маман өз жұмысын таныстырып, шығармашылық идеясын бөлісті. Бұл процесс олардың кәсіби өз-өзін тануына, ортақ құндылықтармен байланысуына ықпал етті. Бұл іс-шара – шығармашылық арқылы жүрекке жол табу, ұстаздық жолдың қадірін сезіну, және бір-бірімізге қолдау көрсету алаңы болды.