Текст
2025 жылдың 23 сәуірінде Атбасар қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 6 “Ә” сынып оқушыларымен «Табиғатты қорғау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи оқыту әдістері – «Бинго» және «Постер жасау» тәсілдері қолданылды.
Оқушылар белсенділік танытып, сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты. Өз ойларын еркін жеткізіп, табиғатты сақтау мен қорғаудың маңыздылығы жайлы өзара пікір алмасты. Әр оқушы табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіріп, қоршаған ортаға қамқор болу – әр адамның борышы екендігін ұғынды.