Текст
Жас мамандар апталығының ашылуы!
Бүгін біз үшін ерекше күн! Білім мен шығармашылықтың, бастамашылық пен серпіннің символына айналған Жас мамандар апталығы өз жұмысын бастады!
Апталықтың мақсаты – жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және олардың бастамаларын таныту. Алдағы күндері қызықты шеберлік сабақтар, тренингтер, семинарлар және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.
Барша жас мамандарды апталықтың іс-шараларына белсене қатысуға шақырамыз!