31 наурызда 2024-2025 оқу жылының 3-тоқсаны қорытындыланып, мектепте әдістемелік ассоциация отырысы өтті. Отырыс барысында тіл мұғалімдері тыңдаған тақырыптардың бірі — жасанды интеллекттің оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері болды. Әдістемелік ассоциация жетекшісі Жакина Раушан Толеубаевна бұл жаңа технологияның білім беру үдерісіндегі маңызы мен тиімділігін түсіндіріп, тілдер пәндерінде қолдану жолдарын талқылады. Қазіргі таңда жасанды интеллект білім беру саласында оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды жетілдіруге көмектеседі. Бұл технология арқылы мұғалімдер сабақта оқушылардың деңгейін сараптап, әрқайсысына дербес тапсырмалар беру мүмкіндігін алады. Сонымен қатар, жасанды интеллект оқушылардың білімін бағалауға, үй тапсырмасын тексеруге және білім деңгейін жақсартуға септігін тигізеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен аралық емтихан өткізу мәселесі де талқыланып, оқушылардың білім сапасын бағалау жүйесі қайта қаралды. Мұғалімдер оқу нәтижелерін әділ және тиімді бағалау үшін әртүрлі форматтағы тапсырмаларды қолдануды ұсынды. Отырыс соңында әріптестер өзара пікір алмасты, тәжірибе бөлісіп, алдағы уақытта оқу процесін жақсарту бағытындағы жоспарларды құру туралы шешім қабылдады. Бұл іс-шараның мақсаты – мұғалімдерге жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу, оқыту сапасын арттыру және оқушыларға білім беру жүйесін жақсарту болды.
Әдістемелік ассоциация жетекшісі Жакина Раушан Толеубаевна