31 қаңтарда № 6 ЖББМ-де ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 2 аудандық сессиясы өтті: «Сіздің балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?».
Іс-шараның мақсаты: ақпараттық материалдар мен іс-қимыл алгоритмдері негізінде балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Шеберлік сағаты- «Менің үйім-менің бекінісім» (мектеп алды тәрбиешілері Кайролина С., Дюсембина Л.Е.)
2. Ойын практикум-«Қауіпсіз мектеп» ( бастауыш сынып мұғалімдері Акишева А.К., Осипова Н.В.)
3. Коучинг- «Балалардың қауіпсіздігі-ересектердің қамқорлығы» (педагог-психолог Исасиитова А.А., әлеуметтік педагог Нуржанова Л.Ж.)
4. Нұсқау- «Террористік акт қаупі төнген кездегі іс-қимыл алгоритмі» (АӘД Асанбаев Г. К.,дене шынықтыру мұғалімдері Анисимов А. С., Жумашев Ж.М. , тарих мұғалімі Дюсембеков К.К.)
Іс-шара соңында қорытындылар шығарылды: ата-аналар өз әсерлерімен бөлісті, мектеп директоры Г. Т. Исабаева және аудандық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Б. М. Садуакасова сөз сөйледі.