Текст
Киімді түрлендіру және сәндеу
Эстетикалық цикл апталығы аясында 7 "А» сыныбында «Киімді түрлендіру және сәндеу (киім, аксессуарлар, зергерлік бұйымдар)» тақырыбы бойынша ашық көркем еңбек сабағы өтті. Сабақтың мақсаты киімді безендіру түрлерін өзгерту (түрлендіру) туралы білімді кеңейту болды. Балалар практикалық тапсырманы жеке, жұпта орындады. Сабақ барысында мұғалім заттарды безендірудің мысалдарын көрсетті. Оқушылар өз жұмыстарын, қиялдарын , ойларын, заманауи етіп жүзеге асыруға тырысты. Сабақ рефлексиямен аяқталды.