Текст
Тарих апталығының жоспарына сәйкес "Атбасар қаласының №6 ЖББМ" КММ-де "Ежелгі көшпенділердің материалдық мәдениеті" тақырыбында 5 "А"сыныпта ашық сабақ өтті.Сабақтың басында презентация көрсетіліп, балалар "Қазақ киіз үйі"бейнеролигін тамашалады.Сабақ барысында оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады:"сөзді тап", кестемен жұмыс істеді," Синквейн " құрастырды, рефлексияға қатысты,осылайша Қазақстан тарихы бойынша білімдерін қайталады, толықтырды және нығайтты.