2024 жылғы 15 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында А.Т. Садвакасова 3 А сыныбында " Жылдың төрт мезгілі" тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді. Іс шараның мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту. Сабақ басында «Жылы сөз» тәсілі арқылы айтылған бір-біріне тілектер оқушыларға сенімділік беріп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақ барысында оқушылар қысқа бейнефильм арқылы сабақтың мазмұнын болжады. Жаңа сөздерді пайдалана отырып «Джигсо» стратегиясы бойынша класстер жасады. Сонымен қатар оқушылар сабақ барысында сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру жұмыстарына белсенді қатысты.