17.02.2021
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы жалғасуда. 17 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Канафина Ж.С. 5"Ә", 7"Ә" сыныптарында "Жырлайды жүрек" атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар ақынның өмір жолы,шығармашылығы туралы көп мәлімет алды.Қазақтың лирик ақыны- Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.