«№6 орта мектеп» КММ ақпанның 15-де қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің «Туған тілім - айғағым» атты онкүндігінің ашылу рәсімі өтті.
Онкүндіктің мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, Отанын, елін, жерін сүйе білуге, оның тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу
Құрметті оқушылар! Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Тілге деген махаббатты осы онкүндік аясында жоспарланған барлық іс – шараларына белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы онкүндікте сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждахаттылықты күтеміз