Текст
14.06.2022
Жазғы алаң
Бүгін, 14 маусым күні мектеп жанындағы "Улыбка" жазғы алаңында күн танымды және көңілді өтті. "Жаз! Жаз! Бізді шуақты нұрмен бөле" атты сурет байқауы өтті. Балалар таза ауада көңілді ойындар ойнады.
14.06.2022
#жазғымектеп #летняяшкола
Бүгін 8-сыныпта алгебра пәні бойынша сабақтар өтті, Біз квадрат функциялар мен графиктер тақырыбын қайталадық.
5-сыныпта "ондық бөлшектер"тақырыбы қайталанды.
6-сыныпта шешімдері оқушыларға қиындық туғызатын теңдеулермен жұмыс істеді.
14.06.2022
#жазғымектеп #летняяшкола
Жазғы математика мектебі өз жұмысын жалғастыруда . Сабақтарда балалар қиындық тудырған сұрақтарға жауап алады.
Сыныпта балалар жеке, жұп, топ болып жұмыс істейді.Әр сабаққа қол жеткізу қажет мақсаттар қойылады.
13.06.2022
Жазғы алаң
Бүгін, 13 маусым күні√6 ЖББМ мектеп жанындағы "Улыбка"жазғы алаңының 2 маусымы өз жұмысын бастады. Күн таңғы жаттығудан басталды. Жоспар бойынша " Жолда абай бол!" әңгіме жүргізілді. "Бақытты балалық шақ" іс-шара және "Көңілді старттар"спорттық жарыстары өтті.
13.06.2022
#жазғымектеп #летняяшкола
Жазғы мектептің жұмысы жалғасып жатыр,бастауыш сыныптың сабақтары жоспар бойынша өтілуде. Сабақта балалар қызықты тапсырмалар орындайды,сабақтар ойын түріндегі өткізіліп жатыр.
10.06.2022
Жазғы алаң
10 маусым күні "Улыбка" мектеп жанындағы жазғы алаңының 1 маусымы өз мәресіне жетті. 1 ауысымның барлық күндері қызықты, көңілді өтті. Жоспар бойынша шағын іс-шара ұйымдастырылды. Балалар тақпақтарды айтты, жұмбақтар шешті. "Шуақты жаз" тақырыбына асфальтта сурет салып, таза...
10.06.2022
Аула клубы
'Шебер қолдар' аула клубының жоспарына сәйкес балалар жармаларды қолданып жапсыру жасады.
10.06.2022
#жазғымектеп #летняяшкола
Жазғы мектептің жұмысы жалғасуда, тарих сабақтары кесте бойынша өтеді. Оқушылар мұғаліммен бірге 2021-2022 оқу жылындағы оқу материалдарын қайталайды, жинақтайды және бекітеді. 5-сыныпта темір дәуірі бойынша материалдар пысықталды, онда оқушылар тайпаларды,...
09.06.2022
#жазғымектеп #летняяшкола
Осы аптадағы жазғы мектептегі химия және жаратылыстану сабақтарының ұраны - «Қайталауды ойнау». «Химиялық лото», «Өз ойының», «Белгісіз компонентті анықта» ойындарын пайдалана отырып, балалар атом құрылысы, химиялық және физикалық құбылыстар, заттың қасиеттері,...
09.06.2022
Жазғы алаң
Бүгін, 9 маусым күні "Улыбка" жазғы алаңында экологиялық ойындар өткізілді. Мақсаты: балаларға табиғатты аялап, қорғау керектігін ұғындыру. Экологиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.