Текст
01.12.2025
Бүгін мектебімізде жаратылыстану пәндері – химия, биология және география онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру және олардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту.
Ашылу барысында оқушыларға қызықты викториналар мен тақырыптық бұрыштар ұсынылды, бұл оларға табиғат пен ғылым әлемін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, танымдық қызығушылығын оятуға бағытталған. Бұл күндер барлық қатысушылар үшін жаңа білім, әсерлі тәжірибе және шабыт көзі болары сөзсіз.