Текст
10.11.2025
Бүгін 4 "Ә" сыныбында «Ұлттық валюта – теңге» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ұлттық валютаның шығу тарихы мен маңызын түсіндіру, Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, патриоттық сезім мен ұқыптылыққа тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар сұрақтарға белсене жауап беріп, валюта туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, шағын викторина ұйымдастырыглып, оқушылар тақырыпты терең меңгеріп, қызығушылықпен қатысты.