10.11.2025
9 «А» сыныбында Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаты өтті
10 қараша күні 9 «А» сыныбында Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар теңгенің — елдің экономикалық тәуелсіздігінің символы екенін, алғашқы банкноттар мен монеталардың қалай жасалғанын және ұлттық валютаның мемлекеттің егемендігін нығайтудағы маңызын білді.
Сабақ барысында оқушылар теңгенің қалыптасу тарихы туралы бейнеролик көріп, ұлттық валютаның әр азаматтың өміріндегі рөлі жайлы пікір алмасты.
Сонымен қатар, сынып сағатында күзгі-қысқы маусымдағы қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Оқушылар «Абайлаңдар, жұқа мұз!», «Абайлаңдар, көміртек газы!» және «Абайлаңдар, көктайғақ!» атты танымдық бейнероликтерді тамашалады. Бұл бейнематериалдар оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін, көміртек газымен уланудың алдын алу шараларын және көктайғақ кезінде жарақат алмау жолдарын еске салды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.